Амстердам әуежайы экологияны сақтау мақсатында рейстерді қысқартуды шешті
Салынған уақыты 16.08.2022 13:21
Амстердамның Схипхол әуежайы климаттың өзгеруімен, шуылмен және ауаның ластануымен күресу үшін жыл сайын қабылданатын рейстерді қысқартуға ниетті, деп хабарлайды TravelPulse.com.
2023 жылдан бастап Схипхол әуежай арқылы ұшуға рұқсат етілетін ұшақтардың санын жылына 440 мыңға дейін шектейді. Қазір олардың саны 500 мыңды құрайды.
Әлемдік авиация өнеркәсібі көмірқышқыл газының антропогендік шығарындыларының шамамен екі пайызын өндіреді. Осы уақытқа дейін қоршаған ортаны қорғау секторының күш-жігерінің көп бөлігі көміртегі шығарындыларын өтеуге негізделген, бірақ бұл тәсіл күмәнді нәтиже беріп отыр және парниктік газдар мен басқа да ластаушы заттардың атмосфераға шығарылатын көлемін азайтуға ықпал етпейді.
1663