Қытайда Airbus пен Boeing-ке бәсекелес болатын авиалайнер пайда болады
Салынған уақыты 15.08.2022 14:13
Қытайда Airbus және Boeing авиалайнеріне бәсекелес болатын жолаушылар ұшағы жасалды, деп хабарлайды Интерфакс. Нақтырақ айтсақ, A220, A320 және Boeing 737 ұшақтарымен бәсекеге түсе алатын қытайлық Comac (Commercial Aircraft Corporation of China) мемлекеттік компаниясы қытайлық C919 орта магистральды тар фюзеляжды ұшағын жасап шығарды.
Airbus авиакомпаниясының басшысы Гийома Форидің айтуынша, Қытайға өндіріс қарқынын арттыру, ұшақтың сенімділігін дәлелдеу, Boeing және Airbus-тың басым үстемдігі бар үш ойыншының бірі болу үшін көп уақыт кетеді. Сонымен қатар, C919 үшін көптеген тапсырыстарды қамтамасыз ететін Қытайдың үлкен ішкі нарығы бәсекелестер үшін қауіп болып қала береді.
Comac компаниясы 5500 шақырымнан астам қашықтыққа 168 жолаушыны тасымалдауға арналған C919 сертификаттау рейстерін аяқтады.
1722