Кәсіби дайындау орталығының «Қазаэронавигация» РМК-ның нұсқаушысы «Авиациялық даярлықта білімді басқару» (ағылш. - МАТІ) Канаданың Монреаль қаласындағы ИКАО штаб-пәтерінде 2018 жылғы 9-11 сәуір аралығында өткен курсына қатысты.
Салынған уақыты 24.05.2018 17:12
Бұл курстың мақсаты авиациялық даярлық саласындағы барлық қолданыстағы білімді қатыстыру арқылы Азаматтық Авиация оқу орталықтары басшыларының практикалық шешім қабылдау бағытындағы басқару тәсілдерін кеңейту болды. Мемлекеттік даму жоспарларына жүгіну, ұйымның тиімділігін талдау, оқытуға деген қажеттілік туралы деректерді бағалау және оқу орталығының портфолиосы мен іс-қимыл жоспарын құру мақсатында аталған деректерді әрі қарай өңдеу Ұшу Қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды ұйымдастырудың Әмбебап Тексеру Бағдарламасы (ҰҚБӘТБ) аудиті нәтижелерін жақсарту және авиатасымалдаудар өсімі болжамдарының дайындалған білікті персоналға сәйкестігі үшін маңызды мәнге ие. Ақпаратты және оқытуды басқару жүйесін енгізу авиациялық даярлықтағы білімді басқарудың басты және тиімді тәсілі болып табылады.
Қатысушылар:
Ямайка АА Мамандарын Даярлау Институты (CAATI, Ямайка), Инженерлік Технологиялар Оқу Орталығы (Қытай), Шығыс Африка Авиация Мектебі (EASA, Кения), Жаһандық Авиациялық Даярлық офисінің оқу жүйелерін әзірлеу жөніндегі маман (GAT ИКАО), Жаһандық Авиациялық Даярлық офисініңқызметкері (GAT ИКАО),Катар Авиациялық Колледжі (QAC, Катар) АА персоналын даярлау орталығы (Тринидад пен Тобаго) және «Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығы (Қазақстан).
Талқыланған мәселелер:
Нормативтік база
Авиациялық даярлауда білім не үшін қажет?
- Табысты стратегиялық жоспарлау мақсатында
- Авиатасымалдаулардың талаптарына сай келетін курстарды әзірлеу үшін
- Авиациялық өнеркәсіпті қолдау үшін
Авиациялық Даярлық саласындағы деректермен қалай жұмыс істеу керек?
- Жинау
- Құрылымдау
- Өңдеу
- Талдау
- Біріктіру
- Бағалауды жүргізу
Aviation Training IntelligenceTM–Артықшылықтары
- Басшыларға, менеджерлерге және корпоративтік клиенттерге ойластырылған бизнес-шешімдерді қабылдауға көмектеседі.
- Тиімділікті арттырады
- Деректерді практикалық сипаттағы ақпаратқа ауыстыруға көмектеседі.
- Негізгі тенденциялар мен деректер шаблондарына кіру негізінде табысты стратегиялық жоспарлауға мүмкіндік береді.
- Авиациялық саладағы оқу талаптарына бағдарланады.
- Даярлау тиімділігіне қатысты есептер жасалады.
- Ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді, тиімді инвестицияларға әкеледі.
- Халықаралық талаптар мен озық тәжіриемен сәйкестікті қамтамасыз етеді.
1696