ruenkz

Жамбыл филиалында резервтік жабдықты орнату жұмыстары жүргізілді

Салынған уақыты 12.08.2022 08:36

«Қазаэронавигация» РМК-ның басты басымдығы әрқашан ұшу қауіпсіздігі болып табылады. Құрылымдық бөлімшелерде ҰҚ қамтамасыз ету үшін халықаралық талаптар мен стандарттарға толық сәйкес келетін қазіргі заманғы дәлдігі жоғары жабдық пайдаланылады.

Метеорологиялық қызмет объектілерінде метеорологиялық жабдықтың техникалық сәйкестік деңгейін қолдау үшін резервтік жабдықты орнату бойынша монтаждау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда: WAC155 жел параметрлерінің сандық түрлендіргіші және WAV151 флюгері, WAA анемометрі, НМР155 ылғалдылық және температура датчигі, СL31 бұлт өлшегіші, PTB330 сандық барометрі.

Осы жабдықтар ұшу қауіпсіздігін және әуе қозғалысына жедел қызмет көрсету сапасын арттыру үшін қажетті метеорологиялық ақпаратты ұсынады. Жабдық кешені түрлі метеорологиялық деректерді әр түрлі биіктіктерде бейнелеуге, метеообъектілерді анықтаудың жоғарғы шекарасының биіктігіне дейін желдің жылдамдығы мен бағытын есептеуге және бейнелеуге, желдің тік және көлденең ығысу карталарын, турбуленттілікті, кез-келген уақыт аралығы үшін жауын-шашынның қарқындылығын есептеуге және бейнелеуге, ауа райының қауіпті құбылыстарын (бұршақ, найзағай, желдің екпінді күшеюі) анықтауға, ауа райының құбылмалылығын және желдің бұлтты жүйелердің жылдамдығы мен бағыты, сондай-ақ олардың қозғалысы мен эволюциясын бақылау, бұл ауа райын аса жылдам болжауға мүмкіндік береді. Болашақта резервтік жабдықты пайдалануға беру Әулие-Ата әуежайының санатын ИКАО бойынша екінші санатқа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша анағұрлым күрделі метеорологиялық жағдайларда ӘК қонуға кіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Әулие-Ата әуеайлағында метеорологиялық жабдықты резервтеу ұшулардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы деңгейін айтарлықтай арттырады.

   

1947