Қостанай төрінде өткен триатлон
Салынған уақыты 09.08.2022 12:15
07 тамызда Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы атындағы жағалауда триатлон бойынша кубоктің VI кезеңі өтті.
Қостанайдағы жарыстар қатысушылар кезекпен үш кезеңнен өтетін мульти спорттық жарыс түрінде болды: 750 метр қашықтыққа ашық суда жүзу, 20 километрге веложарыс және 5 километрге жүгіру.
Триатлоннан Қазақстан Республикасының «спринт» дистанциясындағы чемпионатына «TEMIRADAM» Кубогінің есебіне кіретін 90-нан астам адам қатысты. Аталған жарысқа «Қазаэронавигация» РМК қызметкерлермен жұмыс істеу және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімінің бастығы Х.А. Сераев қатысып, өзінің жас санатында үшінші орынды иеленді.
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанның түрлі қалаларында өтіп жатқан барлық 6 кезеңнің қорытындысы бойынша Х.А. Сераев 3-орынға табан тіреді.
1889