Римдегі церемонияда 2022 жылы Еуропаның ең үздік деп таеылған әуежайлары аталды
Салынған уақыты 21.07.2022 09:32
Римдегі церемонияда 2022 жылы Еуропаның ең үздік деп таеылған әуежайлары аталды
Жыл сайынғы Aci Europe Best Airport Awards сыйлығының жеңімпаздары Римде өткен және Рим әуежайы ұйымдастырған отыз екінші жыл сайынғы ACI Europe Конгресі мен Бас Ассамблеясының гала-кешкі асында жарияланды.
Әуежайлардың еңбегін елеп, ескеру мақсатында негізгі салалардағы марапаттар мен сыйлықтар экологиялық инновациялар, персоналды басқару саласындағы үздік жетістіктер және цифрлық трансформация үшін берілді.
Биылғы жылы қазылар алқасының құрамына Еуропалық комиссияның, Еуробақылау, Еуропадағы SESAR әуе қозғалысын басқару жөніндегі бірлескен жобаның, Халықаралық көлік форумының және ECAC Азаматтық авиация еуропалық конференциясының өкілдері кірді.
«5 миллионнан аз жолаушы» санатындағы марапат Ла Пальма әуежайына берілді.
«5-10 миллион жолаушы» марапатын Валенсия әуежайы иеленді. Валенсия әуежайы, сонымен қатар, AENA мен BP-мен ынтымақтастығына арналған тестілік әуежай бола отырып, SAF экологиялық отынының негізін қалаушы болып табылады. Эйндховен әуежайы да осы санатта жоғары бағаланды.
Биылғы жылы «10-25 миллион жолаушы» санатындағы марапат Порту әуежайына бұйырды.
«25-40 миллион жолаушы» санатындағы жеңімпаз Вена халықаралық әуежайы болды. Әуежайдың тұрақты даму жөніндегі міндеттемелері де жоғары бағаланды, себебі Вена әуежайы 2023 жылға қарай көміртекті тұрғыдан бейтарап және 2035 жылға қарай нөлдік деген санатқа кіруді жоспарлап отыр. Афина әуежайы да осы санатта жоғары бағаланды.
Биылғы жылы «40 миллионнан астам жолаушы» санатындағы марапат құрлықтағы көлік тораптары арасында көшбасшы болып саналатын Римдегі Фиумицино әуежайына берілді. Римдік хаб әуежайларды көміртек бойынша аккредиттеу бағдарламасының 4+ деңгейіне жеткен алғашқы еуропалық әуежай бола отырып, тұрақты даму саласындағы көшбасшы болып табылады. Инновациялар стандарттары цифрлық трансформацияны ынталандыру, сондай-ақ жаңа авиациялық инновациялық орталық ашу, негізгі мүдделі тараптармен ынтымақтастық орнату мен жергілікті бизнесті дамытуға ерекше назар аудару жөніндегі жаңа өршіл инновациялық жоспардың арқасында өте жоғары деңгейде белгіленген. Ыстамбұлдың басты әуежайы да осы санатта жоғары бағаланды.
Осы жылы «Цифрлық трансформация» номинациясының жеңімпазы Лондон-Сити әуежайы болды. Британдық хаб осындай үлкен әуежайда SESAR шешімі болып табылатын әуе қозғалысын басқарудың цифрлық мұнарасын орналастырудың ізашары ретінде белгілі. Жоба бар болғаны төрт жылдың ішінде жүзеге асырылды.
Осы жылы персоналды басқару саласындағы үздік жетістіктері үшін сыйлық Ыстамбұл халықаралық әуежайына берілді.
1949