ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалының директоры лауазымына тағайындау

Салынған уақыты 19.07.2022 09:25

«Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалының директоры лауазымына тағайындау

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық комитетінің келісімен «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының бұйрығымен Бауыржан Қорықбайұлы Молдалиев «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалының директоры болып тағайындалды.

Жаңа директорды кәсіпорынның Әкімшілік және кадр жұмыстары департаментінің директоры Ғалия Тельманқызы Әбілова Атырау филиалының ұжымымен таныстырып, алдағы уақытта атқаратын қызметіне сәттілік тіледі.

Бауыржан Қорықбайұлы Атырау қаласында туып-өскен, Рига авиациялық университетін «Көлік радиожабдықтарын техникалық пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Авиациялық салада мол еңбек тәжірибесі бар маман «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалында 1995 жылдан бастап 2015 жылға дейін басшылық лауазымдарда, соның ішінде филиал директоры міндетін көп жылдар бойы абыроймен атқарған болатын.

573