ruenkz

Etihad Абу-Даби әуежайында багажды автоматты тіркеуді іске қосады

Салынған уақыты 18.07.2022 09:20

Etihad Абу-Даби әуежайында

багажды автоматты тіркеуді іске қосады

 

Багажды автоматты тіркеу орындары авиакомпанияның әуежай персоналы санын қысқартуға мүмкіндік береді. Енді рейске алдын ала онлайн-тіркелуден өткеннен кейін жолаушылар әуежайдағы багажды тіркеу аймағына келіп, кезекке тұрмай, аппараттардың біріне бара алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі паспорты мен броньді тексереді, ұшақтағы орынды растайды, стандартты отырғызу талонын береді, чемоданның салмағы мен мөлшерін бағалайды, багажды ресімдейді және бирканы басып шығарып береді. Барлығына, кем дегенде, екі минут кетеді.

Etihad Airways компаниясының желілік әуежайлар мен жүк операциялары жөніндегі вице-президенті Джон Райт: «Etihad жазғы демалыс кезінде саяхатшылардың саны тек өседі деп күтеді. Жолаушылар әуежайда болған кезде оларға ыңғайлы жағдай жасау үшін Etihad Абу-Даби халықаралық әуежайында өзіне өзі қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтіп отыр. Енді олар онлайн режимде тіркеліп,  ұшу алдында автоматты процедуралардан өту арқылы ұзыннан ұзақ кезекті тұрмайтын болады».

COVID-пен байланысты сапарларға шектеулер бүгінде Австрия, Бахрейн, Бельгия, Ұлыбритания, Египет, Греция, Ирландия, Италия, Кувейт, Оман, Ресей, Түркия және Швейцарияға ұшатын саяхатшылар үшін толығымен алынып тасталды.

Абу-Дабидің флагмандық тасымалдаушысы 2022 жылғы 30 маусым мен 15 шілде аралығында Абу-Даби халықаралық әуежайында туристер ағымы күрт өседі деп болжап отыр. Осы кезеңде өзіне-өзі қызмет көрсету станцияларында жаңа техниканы қолданғанда қиындықтар туындаған жағдайда саяхатшыларға көмектесу үшін арнайы дайындалған кеңесшілер жұмыс істейтін болады.

2160