ruenkz

Ақтау филиалының директоры тағайындалды

Салынған уақыты 15.07.2022 17:29

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің келісімімен «Қазаэронавигация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бас директорының бұйрығымен Ақтау филиалының директоры болып Әсет Ғабитұлы Іңірбаев тағайындалды.

Кәсіпорынның Әкімшілік және кадрлық жұмыстар департаментінің директоры Ғалия Тельманқызы Әбілова Ақтау филиалының жаңадан тағайындалған директорын ұжымға таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Филиалдың бұрынғы директоры Бауржан Қорықбайұлы Молдалиев «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалының директоры лауазымына ауысуына байланысты атқаратын қызметінен босатылды.   

Әсет Ғабитұлы 1988 жылғы 06 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. «Қазаэронавигация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Кәсіби дайындау орталығында білім алып, еңбек жолын Ақтау филиалының Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің «Мұнара» диспетчерлік пунктінің диспетчері болып бастаған.

Филиал ұжымы  Бауржан Қорықбайұлына мінсіз жұмысы мен филиалдың дамуына қосқан үлесі үшін алғысы мен ризашылығын білдірді.

565