ruenkz

Airspace World стартқа әбден дайын, себебі экспоненттер тіркелуді бастап кетті

Салынған уақыты 14.07.2022 08:34

Airspace World стартқа әбден дайын,

себебі экспоненттер тіркелуді бастап кетті

Осы жылы Мадридте Дүниежүзілік әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі конгрестің 84-ке жуық экспоненті 2023 жылдың 8-10 наурыз аралығында Швейцарияның Женева қаласында өтетін КАНСО әуе қозғалысын басқарудың жаңа жаһандық іс-шарасы болып табылатын Airspace World құрамына кіруге ниет білдірді.

Жақында тағы 10-ға жуық қатысушы өздерінің ниет хаттарын жібереді деп күтілуде, нәтижесінде Женеваға келуді жоспарлаған қатысушылардың жалпы саны Мадридтегі көрмеге қатысқандардың шамамен 50% құрайды, бұл тіркеу ашылғаннан бір апта өткен соң орын алған көрсеткіш.

Қазіргі уақытта КАНСО сату бөлімі Женевадағы қажеттіліктерін есепке алу үшін Дүниежүзілік конгрестің басқа мүшелерімен және саланың басқа өкілдерімен байланыста. Қытысқысы келетін экспоненттер өздерінің қызығушылығын білдіргісі келсе, Sales@Airspaceworld.com мекенжайы бойынша бізбен байланысқа шығып немесе AirspaceWorld.com. сайтындағы нысанды толтыру арқылы КАНСО өкілдерімен хабарласа алады.

«Бастамамыз керемет және 2023 жылы Женевада болатын кездесуді асыға күтемін»— дейді КАНСО бас директоры Саймон Хоккард.

237