Осы жазда Etihad 2,7 миллионнан астам жолаушы тасымалдауды жоспарлап отыр
Салынған уақыты 13.07.2022 10:34
Осы жазда Etihad 2,7 миллионнан астам жолаушы
тасымалдауды жоспарлап отыр
Абу-Даби халықаралық әуежайынан 1,4 миллионнан астам жолаушы жолға шығады, оның ішінде БАӘ 330 000 тұрғыны да бар... Апта сайын Etihad маршруттық желісі бойынша 1 100-ден астам рейс жоспарланған.
Etihad Aviation Group бас операциялық директоры Мохаммад Аль Булуши соңғы апталарда авиакомпанияда брондау саны айтарлықтай артқанын айтады. Жазғы демалыс қарсаңында Etihad жолаушылардың әуежайға және ұшуға кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жергілікті деңгейде де, жаһандық желі бойынша да жұмысын жандандырды.
1779