ruenkz

Еуропаның ең ірі авиаконцерні саналатын «Lufthansa» компаниясы Airbus A380 ұшағын қайта іске қоспақ

Салынған уақыты 08.07.2022 13:38

Авиакомпания 2023 жылдың жазынан бастап жолаушылар мен экипаждар арасында танымал алыс магистральды ұшақты қайтадан пайдалануды жоспарлап отыр.

Lufthansa-да барлығы 14 Airbus A380 ұшағы бар, олар Испания мен Франциядағы тұраққа қойылған. Осы ұшақтардың алтауы сатылды, сегіз A380 Lufthansa қарамағында.

Airbus А380 ұшағы — Airbus S.A.S. концерні өндірген кең фюзеляжды екі палубалы төрт қозғалтқышты турбореактивті жолаушы ұшағы және әлемдегі ең ірі сериялық авиалайнер болып табылады. Сыйымдылығы – үш класты салонда 525 жолаушы болса, бір класты конфигурацияда – 853 жолаушы.

2253