ruenkz

27 маусым мен 01 шілде аралығында Түркияның Стамбул қаласында «ICAO Global Implementation Support Symposium» кезекті халықаралық симпозиумы өтті

Салынған уақыты 07.07.2022 12:41

Бұл ИКАО Дүниежүзілік авиациялық форумымен (IWAF), Авиациялық ынтымақтастық жөніндегі жаһандық симпозиуммен (GACS) және TRAINAIR PLUS ICAO халықаралық оқыту бағдарламасымен бірлесіп, Түркияның Бас азаматтық авиация дирекциясы ұйымдастырған алғашқы іс-шара. Осы іс-шараларды біріктірудің мақсаты заманауи цифрлық құралдарды, негізгі бастамаларды айқындау және COVID-19 пандемиясынан кейін авиацияны қалпына келтіруді, инновацияларды енгізуді, орнықты дамуды және жедел шешімдер қабылдауды қолдау бойынша күш-жігерді біріктіру болып табылады.

Симпозиумға 140 ел және TRAINAIR PLUS (TPP) бағдарламасына қатысушы 200-ден астам авиациялық оқу орталықтарының және басқа да оқу орталықтарының, сондай-ақ министрліктердің, азаматтық авиацияның бас директораттарының, халықаралық және өңірлік ұйымдардың, авиациялық қызметтерді көрсетушілердің (аэронавигациялық қызметтерді, әуежайларды, авиакомпанияларды пайдаланушылардың), қаржы мекемелерінің және даму жөніндегі мекемелер мен кадрлық агенттіктердің өкілдері қатысты.

Симпозиум кезінде «Қазаэронавигация» РМК мамандары интерактивті панельдер, пікірталастар, «дөңгелек үстел» басындағы талқылаулар, кеңестер форматында өткен 8 жұмыс сессиясына қатысты. Техникалық үзілістер кезінде Түрік Азаматтық авиация академиясының, Ресейдің, Моңғолияның, Латвияның, Әзірбайжанның авиациялық ұйымдары мен оқу орталықтарының өкілдерімен оқудағы ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмыс кездесулер өткізілді.

Сондай-ақ, «Қазаэронавигация» РМК өкілдері TRAINAIR PLUS ИКАО бағдарламасының Басқарушы комитетінің мүшесі ретінде 11 жұмыс кеңесіне қатысты, оның барысында ИКАО TRAINAIR PLUS бағдарламасын дамыту жөніндегі стратегиялар талқыланды. Жетекшілік ететін комитет ИКАО TP бағдарламасы мүшелерінің оқу курстарының кестелерін неғұрлым тиімді орындауын қамтамасыз ететін, сондай-ақ TPSC жетекшілік ететін комитетінің шеңберінде реттеушілер, әуежайлар, авиакомпаниялар, ӘҚҚ, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, авиациялық қауіпсіздік бағыттары бойынша қосалқы топтар құруды қамтамасыз ететін тетіктерді әзірледі.

ИКАО TRAINAIR PLUS бағдарламасының шеңберінде «Қазаэронавигация» РМК мен Инчион халықаралық әуежайы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Осы меморандум тараптардың одан әрі дамуына мүмкіндік беріп, оқу бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру, оқу курстарымен және нұсқаушылармен, басқа да іс-шаралармен алмасу тұрғысынан ынтымақтастық орнатуға арналған алаңды құратын болады.

«Каэаронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығы осы салада TRAINAIR PLUS ICAO-мен, авиациялық оқу ұйымдарымен және басқа да халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруды көздей отырып, саланың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында мемлекеттің авиациялық билік орындары мен қызмет көрсетушілер тарапынан Қазақстанның авиация персоналын даярлаудың неғұрлым басым бағыттарын айқындау бойынша өзара іс-қимыл тетіктерін құру тұрғысынан уақытылы және оңтайлы шешімдер қабылданады деп үміттенеді.

  

  

2262