NAV CANADA iTEC бағалайтын болады
Салынған уақыты 05.07.2022 15:19
NAV CANADA компаниясы бүгін NATS, Avinor және Indra компанияларымен бірлесе отырып, iTEC-ті 12 айлық бағалаудан өткізетінін жариялады.
Бұл бастапқы келісім NAV CANADA-ға бірлесіп жасалған платформаға тән артықшылықтар мен инновацияларды бағалауға мүмкіндік береді. Бағалау мыналарды қамтитын болады:
- Оттавадағы CANADA NAV операциялық сынақ кешенінде iTEC ұшу деректерін өңдеу жүйесінің бағаланатын нұсқасын орналастыру.
- Indra компаниясының әуе ағынын басқаруға арналған iACM өнімін Канададағы желіні басқару мүмкіндіктеріне көбірек көңіл бөлу аясында бағалау.
- CAATS деп аталатын NAV CANADA компаниясының қазіргі әзірленген ӘҚБ жүйесінің орнына қолдану үшін iTEC ұшу деректерін өңдеу жүйесі мен iTEC жүйесі диспетчерінің жұмыс орнының ұзақ уақытқа жететін әлеуеті.
ITEC жүйесінің консорциумына еуропалық жеті маңызды аэронавигациялық қызмет көрсету провайдері кіреді, олар ҒЗТКЖ саласындағы инвестициялар мен әрекеттерді қоса қолдай отырып, технологиялық әріптесі болып саналатын Indra-мен бірге ортақ жүйені бірлесіп әзірлемек. Алдағы жылдары iTEC жүйесі Еуропадағы әуе қозғалысының үштен екісін басқара отырып және ұшу уақытын, отын мен пайдалану шығындарын едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін технологияларды ұсына отырып, Еуропадағы ірі әуе қозғалысын басқару орталықтары желісінің жұмысын қолдайтын болады. NATS компаниясы iTEC жүйесінің негізін қалаушылардың бірі болып табылады және NATS компаниясының iTEC жүйелері тобында Avinor компаниясымен тығыз жұмыс істейді.
1955