ruenkz

Әзірбайжанмен әуе қатынасын кеңейту туралы ақпарат

Салынған уақыты 05.07.2022 08:35

Әлемде шектеу шараларының алынуына байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе тасымалдардың бағыттық желісін қалпына келтіру және кеңейту жұмыстарын жалғастыруда. Осылайша, "Qazaq Air" қазақстандық әуе компаниясы аптасына 2 рейс жиілігімен (бейсенбі және жексенбі күндері) Ақтөбе – Баку – Ақтөбе жаңа бағыты бойынша ағымдағы жылдың 7 шілдесінен бастап Бакуге тұрақты рейстерді жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап, әуе компания сайтында жарияланған кестеге сәйкес Bombardier Dash 8-Q400 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.

296