ruenkz

Бакуде ұшқышсыз авиациялық жүйелердің қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері қаралды

Салынған уақыты 01.07.2022 10:56

Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласында ағымдағы жылдың 21-23 маусым аралығында Келісімге қатысушы мемлекеттердің авиация және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесінің (Мемаралықкеңес) базасында "Ұшқышсыз авиациялық жүйелерінің әуе кеңістігін пайдалану мен әуе қозғалысының ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету" ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Сонымен қатар Аэронавигация жөніндегі үйлестіру комиссиясының 23-ші отырысы және ұшқышсыз авиациялық жүйелердің қызметін реттеу туралы нормативтік құжаттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы.

Конференцияда Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдаланудың қолданыстағы қағидалары шеңберінде авиациялық билік орындары мен ПҰА пайдаланушылардың қызметін талдау. Проблемалық сәттер және оларды шешу жолдары" ұсынылды. Қатысушылар авиациялық әкімшілік ұсынған баяндаманың өзектілігін атап өтіп, белсенді түрде мәселелерді талқылауға қатысты.

Іс-шараға Келісімге қатысушы мемлекеттердің азаматтық авиация басқармаларының, Еуразиялық экономикалық комиссияның (БАЭК), әуе қозғалысына аэронавигациялық қызмет көрсету кәсіпорындарының, авиациялық оқу орындарының өкілдері, авиация өнеркәсібінің өкілдері - әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелерін әзірлеушілер қатысты.

Ұшқышсыз авиациялық жүйелердің  қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің, ұшу қауіпсіздігі мен кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері қаралды. Конференцияға қатысушылар ұшқышсыз авиациялық жүйелерге  қойылатын техникалық талаптарды мемлекетаралық деңгейде әзірлеуі қатысушы мемлекеттердің ортақ тәсілін үйлестіруге мүмкіндік беретінін туралы мәселе көтеріп, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірдің азаматтық авиациясын дамыту үшін өткізілген іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

 

337