ruenkz

SITA компаниясының технологиясы Польша әуе кеңістігіндегі байланысты, тиімділікті және қауіпсіздікті жақсартады

Салынған уақыты 01.07.2022 09:33

Польшаның аэронавигациялық қызметтер агенттігі (PANSA) әуе-жер байланысын цифрлық трансформациялауға, әуе қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға арналған төрт жылдық келісімшарт аясында әуе тасымалы үшін жаһандық ақпараттық технологиялар жеткізушісін, яғни SITA компаниясын таңдады. Оған Польшаның сегіз халықаралық әуежайы қатысады. Олар – Варшава, Краков, Гданьск, Катовице, Модлин, Вроцлав, Познань және Жешув.

PANSA сияқты аэронавигациялық қызмет көрсету провайдерлерінде әуе кемелер ұшқыштарымен ұшуға рұқсат беру сияқты тиімді, сенімді, нақты әрі маңызды деректермен алмасу мүмкіндігі болуға тиіс. Әуе қозғалысын басқару жүйелерімен және әуе кемелерімен байланысты осы шұғыл қажеттілікті қанағаттандыру үшін SITA компаниясының ӘҚБ деректерін беру қызметі арқылы ұшып шығуға берілетін дауыстық рұқсаттан сандық рұқсатқа ауысуы PANSA компаниясы бақылайтын әуе кеңістігін тиімді және қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етеді.

Ұшуға рұқсат беру қызметі (DCL) авиадиспетчер мен ұшқыш арасында ұшуға рұқсат берумен сандық алмасу жүргізуді қолдайды, авиадиспетчер пайдаланатын басқа жүйелермен де оңай өзара әрекеттеседі. Ұшуға рұқсат тезірек әрі дәлірек жұмыс істейді, өйткені бұл көбінесе сапасы төменірек дауыстық байланыспен байланысты түсінбеушілікті азайтады. Бұл дұрыс және уақытылы берілген рұқсаттардың белгіл бір әуе кемесіне жететініне кепілдік бере отырып, қауіпсіздікті арттырады және кідірістерді азайтады.

2121