Боинг BOEING-ecoDemonstrator іске қосты
Салынған уақыты 30.06.2022 16:08
Американдық Boeing әуе концерні өзінің жаңа өнертабысын — 2022 жылы шығарылған ecoDemonstrator ұшағын ұсынды. Шын мәнінде, бұл 20 жыл бұрын шығарылған 777-200ER түрлендірілген, қазіргі заманғы идеялар мен технологиялар сынағынан өтетін нұсқасы. Осы жазда ecoDemonstrator жер бетінде де, аспанда да бірқатар сынақтарын бастамақшы. Олар алты айға созылады.
Осы уақыт ішінде сынақтан өтетін технологиялардың ішінде отын тұтынуды, зиянды шығарындылар мен шуды азайтуға бағытталған жобалар да бар. Парниктік газдар шығарындыларын азайту үшін борттағы жаңа өрт сөндіру құралдарымен эксперименттер жүргізіледі. Ұшқыштар жұмыс тиімділігін арттыру үшін жетілдірілген көру жүйесіне қол жеткізеді.
EcoDemonstrator бағдарламасын бойынша 10 жыл ішінде Boeing компаниясы шығарындыларды нөлдік көрсеткішке жеткізу, жолаушыларға қызмет көрсету сенімділігін, қауіпсіздігін және сапасын арттыру үшін 230-ға жуық технологияны сынақтан өткізді. Экологтардың есептеріне сәйкес, авиация ғаламдық CO2 шығарындыларының 2-3 пайызын құрайды. Көптеген авиакомпаниялар көміртекті-бейтарап рейстерді енгізіп, қоршаған ортаның ластануын азайту үшін отынның балама түрлерін зерттеуге уәде берді.
1992