ruenkz

Airbus компаниясы нарықта нағыз төңкеріс жасайтын ұшақты аспанға көтерді

Салынған уақыты 28.06.2022 14:51

15 маусымда еуропалық Airbus ұшақ өндірушісі алысқа ұшатын әуе кемелері нарығында нағыз төңкеріс жасайтын А321XLR әуе кемесін биікке шығарды. Алғашқы сынақ ретінде ұшу уақыты 4,5 сағатқа созылды.

A321XLR – тар фюзеляжды авиалайнер. Airbus ұшақтың конструкциясын өзгертіп, отын бактарын көбейтті, соның есебінен жаңа модельдің ұшу ұзақтығын 6500 км-ден 8700 км-ге дейін ұлғайтты. Сол себепті де жаңа модификация XLR белгісін алды, ол Extra Long Range, яғни «өте ұзақ радиус» дегенді білдіреді. A321XLR әуеде 11 сағаттай бола алады және жолаушыларды Киевтен Нью-Йоркке немесе Лондоннан Сиэтлге дейін жанармай құю үшін жолда еш жерге қонбай жеткізе алады.

Авиалайнердің негізгі артықшылығы – отынды пайдалану тұрғысынан тиімділігі және сыятын жолаушылар санының аздығы. Екі кластағы жолаушыларды ықшамдап ығайлы орналастырған жағдайда 140-170 жолаушыға дейін сыяды. Airbus жаңа әуе кемесін сертификаттау іс-шарасын 2024 жылға дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отыр.

2046