ruenkz

Skyguide бас директоры Алекс Бристоль КАНСО төрағасы болып тағайындалды

Салынған уақыты 24.06.2022 12:00

Мадрид, 2022 жылғы 21 маусым — Skyguide бас директоры Алекс Бристоль үш жыл мерзімге Халықаралық азаматтық аэронавигациялық қызмет көрсету ұйымының (КАНСО) төрағасы болып тағайындалды.

Тағайындау туралы ақпарат КАНСО-ның Мадридтегі жыл сайынғы жалпы жиналысынан кейін бірден жарияланды. Қазіргі кезде Skyguide компаниясының бас директоры қызметін атқаратын Алекстің авиация саласындағы тәжірибесі мол, үш онжылдықты құрайды.

Алекс Бристоль: «Әуе қозғалысын ұйымдастыру саласы үшін осы шешуші кезеңде КАНСО атқарушы комитетінің төрағасы болып сайлану мен үшін үлкен мәртебе. Біздің сала алдында климаттың өзгеруіне және аспанымызды әуе кеңістігінің жаңа пайдаланушылары үшін ашылуына байланысты бірқатар маңызды міндеттер тұр. Осы мәселелерді ортақ шешу үшін бүкіл әлемнің сала көшбасшыларымен бірлесіп жұмыс жасау мүмкіндігінің пайда болуына өте қуаныштымын».

Алекс өзінің еңбек жолын 1992 жылы Ұлыбританияның аэронавигациялық қызмет көрсету провайдері болып табылатын NATS құрамында авиадиспетчер қызметінен бастады, содан кейін Фарнборо мен Манчестер әуежайларының бас менеджері, стратегия және инвестициялар жөніндегі директор, халықаралық байланыстар жөніндегі директор лауазымдарын атқарды.

Алекс 2011 жылдың шілдесінде өзіне сеніп тапсырылған Швецарияның аэронавигациялық қызмет провайдері болып табылатын Skyguide директоры қызметін қабылдап алу үшін Швейцарияға көшіп келді. Ал 2017 жылдың 1 шілдесінде Skyguide компаниясының бас директоры болып тағайындалды. Соңғы үш жыл ішінде Алекс КАНСО Атқарушы комитетінің мүшесі болып табылады.

КАНСО жыл сайынғы жалпы жиналысында жарияланған басқа негізгі тағайындаулардың қатарына Asecna компаниясының бас директоры Мохаммед Мусса және VATM компаниясының төрағасы доктор Фам Вьет Зунг кіреді, олар КАНСО атқарушы комитетінің мүшелері болып тағайындалды.

2189