ruenkz

Ғаламдық CO2 шығарындыларының 2% азаматтық авиацияға тиесілі

Салынған уақыты 23.06.2022 16:36

Қазақстан Республикасы ИИДМ азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасай отырып,  Tengritravel.kz 2021 жылы қазақстандық авиакомпаниялар шығарындыларының саны шамамен 800 мың тоннаны құрады деп хабарлайды. Азаматтық авиация комитетінің ақпараты бойынша, 2019 жылы Қазақстанның авиациялық әкімшілігі CORSIA (халықаралық авиация үшін көміртегі шығарындыларын өтеу және азайту жүйесі) пилоттық және бірінші фазасына ерікті түрде қатысатынын жариялады, оның жобасына қазіргі уақытта әлемнің 111 елі тартылған.

CORSIA жүйесі авиацияның климатқа әсерін азайту жөніндегі ICAO шаралары қоржынына кіреді және халықаралық ұшуларды орындау кезінде шығарылатын көміртегі эмиссиясын өтеу арқылы көміртегі-бейтарап өсімді қамтамасыз етуге арналған. Халықаралық рейстерді орындайтын әуе кемелерін пайдаланушылар барлық халықаралық ұшулардан көміртегі шығарындыларына мониторинг жүргізуге тиіс. Халықаралық ұшулар туралы деректерді негізге ала отырып, CORSIA компенсаторлық шаралар қолданылатын базалық деңгейді анықтайды.

CORSIA ғламдық нарықтық механизмі 2016 жылдың қазан айында халықаралық рейстердің нәтижесінде көміртегі эмиссияларының (шығарындыларының) кез келген жылдық өсу мәселесін шешу үшін бекітілді. Мұның себебі қазіргі уақытта жаһанда адам қызметінің нәтижесінде ауаға шығарылатын көміртегінің екі пайызы азаматтық авиацияға тиесілі екенінде болып отыр.

1883