ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Шымкент филиалы ӘҚҚ қызметінің ұшу басшысы болып Айнұр Сапарбаева тағайындалды

Салынған уақыты 17.06.2022 16:31

Қазіргі заманда әйелдер ерлермен тең дәрежеде жұмыс жасамайтын қызмет саласы жоқтың қасы. Енді полиция мен ұшқыш әйелдер ешкімді таң қалдырмайды. Бүгінде әйелдер бизнесте де, саясатта да жұмыс істейді. Осы жазда «Қазаэронавигация» РМК-да алғаш рет Шымкент филиалының ӘҚҚ қызметінің ұшу басшысы болып Айнұр Сапарбаева тағайындалды.

Нәзік қыз өзінің болашақ қызмет саласын таңдағанда бүкіл өмірін азаматтық авиацияға арнаған әкесінен үлгі алды. Қолдыбай Сапарбаев 1986 жылдан бастап авиацияда борт-инженер болып қызмет атқарды, ал қазіргі уақытта «Шымкент әуежайы» АҚ-ның КӨДҚ ауысым бастығы болып жұмыс істейді. Айтпақшы, Айнұрдың ағасы Дархан «Qatar Airways» авиакомпаниясында Boing777 ұшағында екінші ұшқыш болып жұмыс істейді.

Мектептен кейін Айнұр Қазақ көлік және коммуникация академиясына оқуға түсіп, оны 2004 жылы бітіріп, бірден Рудлоу Манор колледжіне оқуға түсті.

Айнұр 2006 жылы авиадиспетчер мамандығын алып, Шымкент филиалының ӘҚҚ қызметіне жұмысқа орналасты. Көп ұзамай оның айналасындағы мамандар қыз балаға сенуге болатынын түсінді. Айнұрдың жұмысқа деген жауапкершілігі оның құзыреттіне еш күмән туғызбады, ал диспетчердің кез келген қателігі авиациялық оқиғаға алып келуі мүмкін. Кәсіби тұрғыда өсуге, үздіктер қатарында болуға деген үлкен ықылас Айнұрға АДО-ның екі секторында, мұнарада және диспетчерлік пунктте дербес жұмысқа рұқсат алуға, нұсқаушы жұмысына рұқсат алуға мүмкіндік берді. 

2009 жылы Айнұр мен оның жұбайы Ерланның Алуа деген қызы дүниеге келді. Отбасында баланың пайда болуы, әдетте, жас ананың назарын жаңа туған нәрестеге аударады, бірақ Айнұрға келетін болмақ, оның кәсіпке деген ықыласы әлсіремей, 11 айдан кейін ол бала күтімі бойынша демалыстан шығып, кәсіби дағдыларын қалпына келтірді де, АДО диспетчері болып жұмысын жалғастырды.

2015 жылы алғашқы даярлықтан өтіп, рұқсат алғаннан кейін Айнұр аға диспетчер лауазымына тағайындалды. Енді ол ұшу басшысымен бірге Филиалдың ӘҚҚ қызметінің барлық диспетчерлік пункттерінің жұмысын ұйымдастырды. Бірақ өсу мен жетілуге деген құлшыныстың шегі жоқ, 2016 жылы Айнұр Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетіне оқуға түсіп, 2018 жылы шет тілдері: ағылшын, неміс мамандықтары бойынша сырттай оқуды тәмамдап, 2019 жылы ИКАО шкаласы бойынша ағылшын тілін меңгерудің 5-ші деңгейін алды.

Аға диспетчер лауазымында тәжірибелік әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша терең кәсіби білім мен мол тәжірибе жинап, Айнұрдың әртүрлі жағдайларда жылдам әрекет етіп, дұрыс шешім қабылдау қабілеті, бұл ретте зейін мен ақыл-ойдың жүйрік болуының арқасында, толық көлемде ашылды. Ол өзіне жүктелген функцияларды сенімді орындады. Айнұрдың потенциалы ӘҚҚ қызметі мен Филиал басшыларының ұшу басшысының міндеттерін лайықты орындайтынына сенімін күшейтті.

Айнұр өзінің тағайындауы туралы былай дейді: «Авиацияда ең бастысы — жауапты болу, үнемі оқу, өз денсаулығын қадағалау, қиындықтармен шебер күресе білу керек, сонда бәрі ойдағыдай болады. Мен бар ынтаммен жұмыс істеймін».

Сапарбаева Айнұрға зор денсаулық, жеке бақыт, отбасына амандық, кәсіби табыс тілейміз.

2740