ruenkz

Finnair авиакомпаниясы банкроттыққа жақын тұр

Салынған уақыты 16.06.2022 12:44

ТАСС Helsingin Sanomat-қа сілтеме жасай отырып, Финляндияның ең ірі авиакомпаниясы Finnair Ресей аумағының үстінен ұшуға тыйым салғандықтан банкроттық алдында тұрғанын жазады.

Finnair ұшақтарының Оңтүстік-Шығыс Азияға — Қытайға, Оңтүстік Кореяға және Жапонияға негізгі бағыттары бойынша ұшу уақыты 40%-ға ұлғайды, бұл отын, персонал және навигация шығыстарының өсуіне себеп болды. Ағымдағы жылдың басынан бері компанияның операциялық шығыны рекордтық 133 млн. еуроға жетті, оның 51 млн. еуросы бағасы күрт өскен отынға тиесілі.

Жаңа жағдайда Finnair, көптеген басқа еуропалық авиакомпаниялар сияқты, Ресейдің үстінен ұшып кете алатын қытайлық тасымалдаушылармен және жанармай бағасының өсуіне теріс әсер етпейтін мұнай экспорттаушы елдердің авиакомпанияларымен бәсекелесу мүмкін емес.

2116