Ақтау филиалының ұжымы қызметкерін мерейтойымен салтанатты түрде құттықтады
Салынған уақыты 14.06.2022 09:57
Ақтау филиалының ұжымы Жеміс Серікбайқызы Кемаладинованы 60 жас мерейтойымен салтанатты түрде құттықтады.
Жеміс Серікбайқызы 2001 жылдан бері біздің филиалда әкімшілік-шаруашылық бөлімде қызмет етеді. Жұмысына жауапкершілікпен қарайтын, ұжымдастар арасында беделді, абыройлы қызметкер.
Бүгін Ж.С. Кемаладиноваға ұжымдастары ұзақ атқарған адал еңбегі үшін алғыс айтып, құттықтау тілегін жеткізді, бағалы сыйлықтар табыстады, естелікке суретке түсті. Өз кезегінде Жеміс Серікбайқызы ұжымдастарына көрсеткен сый-құрметі үшін алғысын білдірді.
2474