ruenkz

Ақтау филиалында ашық есік күні өткізіліді

Салынған уақыты 10.06.2022 10:41

Ақтау филиалында қызметкерлердің балалары мен туыстарына ашық есік күні өткізілді.

Филиал бойынша саяхат әуежайдың қақпасынан бастау алды. МҚК 2-санатты инженері И.Р. Фомина метеорологиялық қызмет жөнінде, «Брифинг» ДП жұмысы жөнінде диспетчер М.Д. Аязбаева әңгімелеп берді. Әуе қозғалысына қызмет көрсету туралы «Мұнара» ДП диспетчері А.А. Бобров, РТЖБП қызметі жөнінде ҰРТҚК 2-санатты инженері Ш.Н. Серікбаев қысқаша баяндады. Филиалдың жетістіктері, кәсіпорынның  іске асырылатын жобалар мен келешектегі жоспарлары туралы ақпарат берілді.

Іс-шараға ұшу басшысы Бақтығали Сағынбайұлы Әлбетовтың анасы Сатыбаева Бейбіт қатысты. Ол ұлының ұстаздар отбасынан екенін, оның да сол мамандықты таңдағандарын қалағанын жеткізді. Алайда оның таңдауы – азаматтық авиация болды. Ол өз ұлының жұмыс туралы көбірек білуді, жұмыс орнын көруді көптен қалаған екен. Осы қолайлы жағдайды пайдалана отырып, осындай мүмкіндік ұсынғаны үшін алғысын айтып, кәсіпорынның одан әрі өркендей беруіне тілегін білдірді.

Әр қызметтің жұмысы туралы баяндаулар балалардың да көңілінен шықты. Олардың арасынан бала күнінен ұшқыш болуды армандайтын Даниль есімді балақай өзінің алған әсерімен бөлісті. Бұл іс-шара оған үлкен әсер қадырған екен. Ол азаматтық авиация саласы туралы көп ақпарат алғанын, болашақта қандай пәндерге ерекше көңіл бөлу керек екенін білген. 

Іс-шара соңында қатысушыларға тәттілер ұсынылды және естелікке суретке түсті.     

 

532