Жаздың 1 - күнінде 01 маусымда көптеген елдерде атап өтілетін ең қажетті мерекелердің бірін – Халықаралық балаларды қорғау күнін біздің Қарағанды филиалында да атап өттік
Салынған уақыты 09.06.2022 08:48
Жаздың 1 - күнінде 01 маусымда көптеген елдерде атап өтілетін ең қажетті мерекелердің бірін – Халықаралық балаларды қорғау күнін біздің Қарағанды филиалында да атап өттік. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 2022 жыл балалар жылы деп жарияланды. Осыған байланысты, филиал директорының тапсырмасы бойынша Кәсіподақ «Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай филиал жұмыскерлерінің балалары үшін «Ашық есік» күнін өткізді. Мерекелік іс-шара жоспары құрылды. «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ РЛ объектісіне балаларды жеткізуге көмек көрсетті және «Мұнара» диспетчерлік пунктіне кіруді қамтамасыз етті. Мерекеге 35 бала келді. Балаларға таңғы 09.00-ден бастап сағат 14.00-ге дейінгі аралықта арнайы қызықты бағдарлама жасалды. «Мұнара» ДП, РЛ объектілеріне және «Балапан» авиациялық оқыту орталығына экскурсия ұйымдастырылды. Балалар арасында түрлі конкурстар өткізіліп, қызықты фокустар көрсетілді. Мерекелік дастархан жайылды. Дастарханға балалар сүйсініп жейтін тағамдар қойылды және десертке балмұздақ берілді. Балаларға мерекелік іс-шара өте ұнады. Олар риза болып, керемет көңіл-күймен қайтты. Бала – біздің болашағымыз, сондықтан балаларға көп көңіл бөлген дұрыс. Осындай балалар мерекесіне арналған іс – шара біздің филиалымызда алғаш рет өткізілді. Бұдан былай балалар мерекесін жыл сайын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырмақ ойымыз бар.
2425