ruenkz

Metron Aviation 2022 жылғы Дүниежүзілік ӘҚҰ конгресінде әуе қозғалысы туралы болжамды деректер мен отын шығынын азайту құралын көрсетті

Салынған уақыты 03.06.2022 15:28

Әуе қозғалысын басқару және әуе қозғалысы ағындарын ұйымдастыруға арналған бағдарламалық шешімдер саласындағы әлемдік көшбасшы саналатын Metron Aviation компаниясы Испанияның Мадрид қаласында 2022 жылғы ӘҚҰ жөніндегі дүниежүзілік конгреске қатысатын болды.

Metron Aviation өзінің негізгі аудиториясын — авиакомпанияларды, әуежайларды және аэронавигациялық қызмет провайдерлерін Harmony жүйесімен және операциядан кейінгі бағалау құралымен таныстырмақ.

Harmony жүйесі авиациялық билік орындарына жергілікті, ұлттық және өңірлік деңгейлерде жалпы жүйелік операцияларды белсенді қадағалауға және басқаруға мүмкіндік беретін әуе қозғалысы ағындарын ұйымдастыруға арналған кешенді біріктірілген шешім болып табылады. Harmony мүдделі тараптарға әуе қозғалысының қазіргі және болашақ жағдайлары туралы жалпы түсінік беріп, сонымен қатар динамикалық өзгеретін ортаны анықтау және басқаруға арналған кеңейтілген автоматтандыруды ұсынады.

Операциядан кейінгі бағалау құралы (P.O.E.T.) — авиациялық қоғамдастық ӘҚҰ операцияларын және әуе кеңістігі жүйелерінің сипаттамаларын қарау және талдау үшін пайдаланатын алдыңғы қатарлы аналитикалық құрал.  P.O.E.T. интуитивті интерфейсі сауалдың негізінде мүдделі тараптарға жүйелі мәселелерді шешуге, ұшу, қозғалыс ағындары мен өнімділік операцияларының толық көрінісін жасау үшін деректер көздерін біріктіруге мүмкіндік береді. P.O.E.T. авиакомпанияларға, әуежайларға және аэронавигациялық қызметр провайдерлеріне отын шығындарын азайту, экологиялық көрсеткіштерді жақсарту, техникалық қызмет көрсетуді үнемдеуді арттыру, саясат пен процедураларды жақсарту үшін пайдалануға болатын талдаудың көмегімен тиімсіздікті анықтау мүмкіндігін береді.

Көрме барысында Metron Aviation және NAVBLUE қатысушыларды әуе қозғалысын басқаруға және әуе ағындарын ұйымдастыруға арналған бағдарламалық шешімдер, сайтта қолдану нұсқалары немесе «бағдарламалық қамтылым ретінде қызмет көрсету» бұлтты моделі туралы көбірек білу үшін Recinto Ferial Ifema Madrid-тегі № 1229 стендке қатысуға шақырады.

2070