РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
Салынған уақыты 03.06.2022 10:17
2022 жылғы 2 маусымда «Қазаэронавигация» РМК-да «Референдум – еліміздің болашағы үшін маңызды қадам» тақырыбында ақпараттық-насихаттау тобымен кездесу өтті. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбек, «TALAP» КЕАҚ төрағасының кеңесшісі, қоғам қайраткері Әсима Темкенқызы Бимендина, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Ләззат Мұратқызы Разбекова, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Кәсіпорын қызметкерлеріне Конституцияға ұсынылған өзгерістер түсіндірілді, сондай-ақ саяси науқанға қатысудың маңыздылығы атап өтілді.
«Конституцияға референдум арқылы 1995 жылдан бастап өзгерістер енгізілген жоқ. Сондықтан Президент осындай ұсыныс жасады. Енді еліміздің әрбір азаматы осы маңызды саяси науқанға қатысып, өз ұстанымын білдіруге тиіс», - деп атап өтті Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек.
Мәжіліс депутаты әрбір қазақстандық өз еркімен таңдау жасап, еліміздің басты құжатын өзгертуге үлесін қоса алатынын атап көрсетті.
«Қазаэронавигация» РМК бас директоры А.Ғ. Бектұров депутаттарға нәтижелі кездесу үшін алғыс білдіріп, кәсіпорын қызметкерлері отбасымен бірге ел үшін маңызды іс-шараға белсенді қатысатынына сендірді.
2355