ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК «ОШ ӘҚҰ ӨО» филиалының басшылығы РТЖБП қызметінің радионавигациялық кешенінің жетекші инженері Виктор Меридианович Степановты зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

Салынған уақыты 01.06.2022 14:18

Виктор Меридианович өзінің азаматтық авиация жүйесіндегі еңбек жолын 1992 жылдың 12 қазанында «Алматы» әуежайының РТЖБП базасының қонуды бастау диспетчерлік пункті объектісінде радиолокация және радионавигация жөніндегі ІІ санатты техник лауазымынан бастады. Кәсіпорында 1995 жылдың 01 тамызынан бастап жұмыс істеді. Еңбек жолын бір объектіде инженерден бастап жетекші инженерге дейін өтті. Өзінің еңбек жолында өзін сауатты маман ретінде көрсетіп, өзінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп, ұжымда лайықты беделге ие болды. Виктор Меридианович өзінің еңбек жолында өзінің бай өмірлік және кәсіби тәжірибесін жас мамандарға беріп отырды. Бұл адамның көпжылдық мінсіз еңбегі, терең білімі, жауапкершілігі, сенімділігі мен еңбекқорлығы. Ол біздің кәсіпорынның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты.

Виктор Меридианович қажымас жігерімен және ұйымдастырушылық талантымен, басшының жоғары кәсібилігімен, ұжымда шығармашылық атмосфера құра білуімен ерекшеленеді. Азаматтық авиациядағы жалпы еңбек өтілі 30 жылды құрады.

Виктор Меридианович кәсіпорынның бас директоры, ҚР Инвестициялар және даму министрінің көптеген грамоталары мен алғыс хаттарына ие.

 

591