Черногорияға рейстерді қайта ашу туралы
Салынған уақыты 01.06.2022 08:27
Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және әлемдегі карантиндік шектеулердің әлсіреуіне байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе тасымалдардың бағыттық желісін қалпына келтіру және кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Қазақстандық "Эйр Астана" әуекомпаниясы ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Алматы – Подгорица бағыты бойынша аптасына 4 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі) және ағымдағы жылдың 5 маусымынан бастап Нұр-Сұлтан – Подгорица бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (бейсенбі, жексенбі) Черногорияға ұшуларды жаңартуды жоспарлап отыр.
Рейстер санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А321LR типті әуе кемелерінде орындалатын болады.
1834