ruenkz

Атырау филиалында қоғамдық-пайдалы еңбек

Салынған уақыты 31.05.2022 10:11

Атырау филиалының аумағы даладан ұшып келген қоқыстардан, түскен жапырақтардан және басқалардан жинап-тазалау жұмыстарын күнделікті ұқыпты жүргізіп, әрі филиалдың әр қызметкері әрқашан тазалықты сақтайтындықтан, аумақтың тазалығы қашанда көз қуантарлықтай таза. Бірақ, Атырау филиалының әкімшілігі жақсы дәстүрді сақтай отырып, әр жыл сайын көктемгі сенбіліктерді ұйымдастырып отырады. Филиал қызметкерлері сенбілік барысында тротуарларды тазалап, арамшөптерді жұлды, қоршаулар бояуын жаңартып, теректер мен бұталардың артық  бұтақтарын кесіліп, түптері қопсытылды.

405