ruenkz

Халықаралық әуе тасымалдардың бағыттық желісі аптасына 433 рейске дейін өседі

Салынған уақыты 30.05.2022 08:28

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және әлемдегі карантиндік шектеулердің әлсіреуіне байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе тасымалдардың бағыттық желісін қалпына келтіру және кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Жазғы кезеңде туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында рейстер саны 99 бағыт бойынша (81-ден 99 бағытқа дейін) аптасына 81 рейске (352-ден аптасына 433 рейске дейін) артады. Италия, Чехия және Грецияға жаңа рейстер ашылуда.

Түркия, Египет, Грузия, Ресейге рейстер ұлғаюда.

320