Шри-Ланканың жаңа үкіметі ұлттық авиакомпанияны сатпақшы
Салынған уақыты 27.05.2022 17:08
«Жаңа әкімшілік SriLankan Airlines авиакомпаниясын жекешелендіруді жоспарлап отыр», - деді Премьер-министр Раннил Викремесингхе халыққа жасаған үндеуінде. Шри-Ланканың ұлттық тасымалдаушысы 2021 жылдың наурыз айында аяқталған соңғы қаржы жылында 124 миллион долларынан аәырылды.
«Келесі екі ай біздің өміріміздегі ең қиын кезең болмақ. Қазіргі дағдарыстың шешімін табу үшін біз дереу барлық саяси партиялардың қатысуымен ұлттық біріккен орган құруымыз керек», - деді Викремесингхе.
2010 жылы Коломбо Үкіметі SriLankan Airlines үлесін Дубай Әмірліктерінен сатып алды. Flightradar24 мәліметтері бойынша, паркінде 25 Airbus ұшағы бар ұлттық тасымалдаушы Еуропа, Таяу Шығыс қалаларына, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыс Азияға рейстер орындайды.
1802