ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалының «Жезқазған» АЖО-да кәсіподақ сенбілік ұйымдастырды

Салынған уақыты 27.05.2022 08:21

2022 жылғы  26 мамырда  «Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалының  «Жезқазған»  АЖО-да кәсіподақ  сенбілік  ұйымдастырды.   Сенбілікке  АЖО-дағы барлық  жұмыскерлер  шықты.

Ұжымның  ерлер  бөлігі  ауыр жұмыстарды жасады. Олар  қураған ағаштарды, бұталарды  кесті. Одан шыққан қоқысты  жинап шығарды. Ал  әйелдер  бөлігі  ағаштардың  түптерін  әктеді, ғимарат маңайындағы жиектастарды  ағартып сылады.  Осылай жұмыскерлер  аз ғана уақыт ішінде барлығы жұмылып ғимарат  маңайын  ретке  келтіріп, тазалап шықты. Сенбілік аяқталған соң, кәсіподақ жұмыскерлерге  арнап дастархан жайды.

279