ruenkz

Ақтау филиалының ұжымы қызметкерлерін мерейтойымен салтанатты түрде құттықтады

Салынған уақыты 26.05.2022 15:24

Ақтау филиалының ұжымы Баян Төлегенқызы Садуакасова мен Анна Владимировна Николаенконы 50 жас мерейтойларымен салтанатты түрде құттықтады.

Баян Төлегенқызы 1972 жылы 26 мамырда Шевченко қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады. 2010 жылдан бастап Ақтау филиалында еңбек етеді.  

Анна Владимировна 1972 жылы 26 мамырда Шевченко қаласында туылған. 2017 жылы Мәскеу гуманитарлық-экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтады. Ұзақ жылдар «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ-да АҚҚ мемлекеттік құпияны қорғау бөлімшесінің инспекторы қызметін атқарды. 2018 жылдан бастап Ақтау филиалдында МҚҚБ маманы болып жұмыс жасайды. 

Жұмыс барысында олар өздерін білгір маман және адал қызметкер ретінде танытта білді, әріптестер арасында құрметке ие.

Мерейтой иелеріне мықты денсаулық, сарқылмас қуат, отбасыларына амандық, кәсіби қызметтеріне жемісті еңбек тілейміз.

221