Әлемдегі ең жылдам жолаушылар ұшағы сынақ жүргізуге кірісті
Салынған уақыты 26.05.2022 11:34
Канадалық ұшақ өндірушісі Bombardier Global 8000 жаңа моделі жасалып жатқанын және әлемдегі ең жылдам әрі алыс магистральды бизнес-джетке айналатынын мәлімдеді. Ұшақ 14 800 шақырым қашықтыққа ұшады және 19 жолаушыға арналған. Global 8000 2025 жылы пайдалануға беріледі.
Global 8000 – қазіргі уақытта әртүрлі елдердегі өндірушілер жұмыс істеп жатқан жалғыз дыбыстан жүйрік ұшақ емес. Өткен жылы United Airlines 2029 жылы жолаушыларға өте жылдам рейстер ұсынатынын жариялады және осындай 15 көлікке тапсырыс берді.
Сонымен қатар, Колорадода орналасқан Boom Supersonic компаниясы 65-88 адамға арналған және негізінен мұхит арқылы ұшуға арналған Overture jet прототипіне жердегі Х-B1 сынақтарын аяқтайды.
2406