Әлемдік авиатасымалдардың соңғы жасаған болжамдары үміт қалпына келуге үміт бар екенін және өсу қарқынының жоғары болуын айғақтайды
Салынған уақыты 25.05.2022 15:09
ИКАО әлемдік әуе тасымалын жүргізген соңғы талдауы әлем бойынша әуе қозғалысының айтарлықтай қалпына келкенінің айқын белгілерін көрсетеді. Бұл авиакомпаниялардың сенімінің артуымен және өңірлік әуе қатынасы саласындағы бірқатар жаңалықтармен сипатталады.
2022 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін тасымалданған авиажолаушылар саны 2021 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 65%-ға, ал әуе кемелерінің ұшу саны 30%-ға артты. Осы кезеңде авиакомпаниялардың өткізу қабілеті 32%-ға өсті және әуе тасымалына сұраныстың болжалды өсуі үшін қолайлы жағдайлардың сақталуын ескере отырып, ИКАО өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы қалпына келтірудің қарқынының одан да жоғары болуын болжайды.
Аймақтық ерекшеліктерге келетін болсақ, қазіргі уақытта Солтүстік Америкада және Латын Америкасында/Кариб бассейнінде ішкі өткізу қабілеті пандемия деңгейіне жетті. Үндістан, Австралия, Бразилия және Мексика сияқты басқа да ірі ішкі нарықтарда осындай жағдай орын алуда. Сонымен қатар, Еуропаның өткізу қабілеті де оң траектория көрсетуде.
Азия-Тынық мұхиты және Африка аймақтарындағы қалпына келтіру қарқыны күрделірек: олардың өткізу қабілеті 2023-2024 жылдары, ал Африкада 2024-2025 жылдары қалпына келтіріледі деп күтілуде.
ИКАО-ның үкіметтермен жұмыс істеу және саланы біріктіру жөніндегі жалғасып жатқан әрекеті осы жылдың қыркүйегінде БҰҰ агенттігіне мүше 193 мемлекеттің азаматтық авиация делегаттарының жеке қатысуымен қырық бірінші ИКАО ассамблеясы өткен кезде жаңа серпінге ие болмақ.
2293