Танымал британдық лоукостер EasyJet креслолар санын азайтады
Салынған уақыты 24.05.2022 08:50
Танымал британдық EasyJet лоукостері авиация саласы үшін бұрын-соңды болмаған қадамға барып, Airbus A319 ұшақтарындағы орындықтар санын азайтуы мүмкін, деп хабарлайды BBC. Бұл шаралар пандемиядан кейінгі кезеңдегі әуе тасымалын қалпына келтірумен байланысты.
A319 сериясына жататын A320 EasyJet ұшақтарында өндіруші екі қосымша апаттық шығуды қамтамасыз етті. Қауіпсіздік стандарттарында белгіленген 90 секунд уақыт ішінде барлық жолаушылар ұшақтан эвакуациялануы үшін қосымша шығу болуы керек. Дәл осындай стандарттар салондағы бортсеріктердің санын креслолар санына қарай анықтайды. A319 EasyJet-те 156 орын орнатылғандықтан, авиакомпания төрт бортсерік пен екі ұшқыштан тұратын экипажды жинақтайды. Орындар саны 150-ге дейін қысқартылса, бортсеріктердің саны төрт адамнан үш адамға дейін азаюы мүмкін. Мұндай шамалы қысқарту жазғы сұраныс кезеңінде арзан бағамен жұмыс істеу үшін өте маңызды болуы мүмкін.
2020 жылы COVID-19 пандемиясында Британдық тасымалдаушы ұшу санының азаюына байланысты қызметкерлерді қысқартуға мәжбүр болды. Еуропадағы карантиндік шектеулер алынып тасталғаннан кейін әуе сапарларына деген сұраныс дағдарысқа дейінгі деңгейге оралды. Енді EasyJet авиакомпаниясы кадрлардың жетіспеушілігіне тап болды және шұғыл түрде жаңа экипаждарды іздеуге мәжбүр.
2065