ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалының «Жезқазған» алыс жердегі орнында екі тәжірибелі маманды зейнетке шығарып салуды ұйымдастырды

Салынған уақыты 23.05.2022 14:27

Корпоративтік  мәдени  даму  мәселесі  біздің  кәсіпорын  үшін маңызды.  «Қазаэронавигация» РМК -ның корпоративтік мәдениеті мерекелік іс-шараларды мерекелеу, қызметкерлерді мәдени ағарту, тұрақталған дәстүріне құрметпен, ыждағатпен қарауға бағытталған.

Ұжым ішінде  әріптестердің  туған  күндері,   Тәуелсіздік  күні,  Жеңіс күні,  Республиканың  Тұңғыш  президенті  күні, 8 наурыз, Жаңа жыл, Наурыз мейрамы, Құрбан-айт және тағы басқа  мемлекеттік  мерекелерді  атап өту  әдетке айналдырылған, кәсіпорын ішінара салт-дәстүрді сақтауға, қызметкерлерге  аталған  іс-шараларға   құрметпен қарауды тәрбиелеуге,  жалпы  елдің және ұжымның  қоғамдық  өміріне қатысуға  бағытталған  корпоративтік  іс-шараларды өткізеді.

Солардың  бірі  - жұмыскерлерді   зейнеткерлік  демалысқа  шығарып салу.

Осындай іс-шаралардың бірі жұмыскерлерді құрметті демалысқа салтанатты шығарып салу болып табылады.

Осы дәстүрді сақтай отырып, «Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалының ұжымы  2022 жылғы 20 мамырда «Жезқазған» алыс жердегі  орнында  екі тәжірибелі маманды зейнетке шығарып салуды ұйымдастырды.

- Николай Васильевич Нищеглов - РТЖБП қызметінің «Жезқазған» алыс жердегі  орнының   жетекші инженері.

Николай Васильевич Азаматтық авиация саласында 1977 жылдан бастап Рыльск авиациялық техникалық авиация училищесін бітіргеннен кейін, Жезқазған БАЭ тағылымдамадан өтуші радиотехниктен  бастап, «Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалы радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану  қызметінің «Жезқазған» АЖО  жетекші инженеріне дейінгі еңбек жолынан  өтті.   Радиотехник,  инженер, 2,1- санатты инженер,  инженер-басшы,  Жезқазған  филиалының РТЖБП қызметі  бастығы  лауазымдарын атқарды. Оның саладағы еңбек өтілі 45 жылды құрайды.

- Фарис Мидахатович Садықов - РТЖБП қызметінің «Жезқазған» алыс жердегі  орнының  1-санатты технигі.

Фарис Мидахатұлы Азаматтық авиация саласында 1979 жылдан бастап, Омбы азаматтық авиация ұшу-техникалық училищесін тамамдағаннан кейін, радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану  қызметінің барлық кешендерінде жұмыс істеді, түрлі лауазымдарды атқарды, радиотехник, ауысым инженері, 2-санатты инженер болып жұмыс істеді.

Оның саладағы еңбек өтілі 43 жылды құрайды.

Жұмыс барысында екі маман да өздерін үздік ұйымдастырушы және өз ісін білетін білікті маман ретінде көрсетті.

Іс-шарада ұжым атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

 

 

339