IATA 2023 жылға қарай әуе тасымалының пандемияға дейінгі деңгейге оралуын болжады
Салынған уақыты 20.05.2022 10:49
Халықаралық жолаушылар авиатасымалдары Қытайдың жабық нарығына қарамастан, 2023 жылға қарай пандемияға дейінгі көлемге оралады немесе тіпті асып түседі. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) бас директоры Уильям Уолш осындай болжам жасады, деп хабарлайды ТАСС.
«Авиакомпаниялар нарықтарда біртіндеп қайта құрылатын болады, сондықтан осы кезеңде Қытай нарығы негізгі проблема болып табылмайды. Көптеген басқа, қол жетімді нарықтар бар, онда компаниялар тез қалпына келе алады. Біз жолаушылар тасымалы келесі жылы 2019 жылдың деңгейіне оралады деп санаймыз, дегенмен бұған дейін бұл тек 2024 жылы болуы мүмкін деп болжанған болатын», - деді Уолш.
1857