ruenkz

ИКАО дрондарды әуе кеңістігіне интеграциялау саласындағы инновацияны дамытуға шақырады

Салынған уақыты 19.05.2022 14:21

ИКАО ұшқышсыз авиациялық жүйелер (ҰАЖ), ҰАЖ қозғалысын ұйымдастыру (UTM) және әуе ұтқырлығын арттыру (ААМ) саласында келесі ұрпақ үшін жаһандық стандарттар мен шешімдерді әзірлеуде прогреске қол жеткізуге жәрдемдесуге арналған өзінің алдағы DRONE ENABLE симпозиумына байланысты мемлекеттік және жеке сектордың инновацияларын әзірлеушілерге ақпарат беру туралы (RFI) жаңа өтінімдер жіберді.

«Үкіметтер мен инновацияны жасаушылар DRONE ENABLE симпозиумында оларға жаһандық шешімдер ұсынылады деп күтеді, ал қазір басты назар басқарылатын және ұшқышсыз әуе кемелерінің шектеулі әуе кеңістігіне қауіпсіз интеграциялануын қамтамасыз ету мүмкіндігін зерттеуге бағытталған», – деді ИКАО бас хатшысы Хуан Карлос Саласар мырза.

«DRONE ENABLE симпозиумына дайындық аясында алынған RFI-ге барлық жауаптарды халықаралық сарапшылар тобы бағалайтын болады, ал таңдалған баяндамашылар жоғары автоматтандырылған дрондар, «әуе таксилері» және басқа да жаңа және пайда болатын әуе кемелерінің түрлері ұзақ мерзімді перспективада қоғамдық және коммерциялық қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын болашақ ережелерді айқындауға жәрдемдесу мүмкіндігіне ие болады».

ИКАО ұйымдастыратын DRONE ENABLE симпозиумы 2022 жылғы 14-16 қарашада жыл бойы пилотсыз авиация мәселелері бойынша өткізілген ИКАО іс-шараларының бірі ретінде ИКАО Штаб-пәтерінде өтеді.

1853