ruenkz

А. В. Суворов айтпақшы, «үйрену қиын, күресу оңай»

Салынған уақыты 19.05.2022 11:45

Тараз қаласының «Әулие-Ата» әуеайлағында 2020 жылдан бері азаматтық авиация академиясының студенттері оқу-жаттығу ұшуларын өткізіп келеді. Ұшуды «Қазаэронавигация» РМК Жамбыл филиалының ӘҚҚ қызметі басқарады. 

Ұшулар таңның атысымен күн батқанға дейін орындалады. Ұшуды орындау үшін курсанттар ұшу алдындағы даярлықтан өтеді, тыйым салулармен және шектеулермен танысады. Әуеайлақ ауданында және ұшу маршруты бойынша метеорологиялық ақпаратты зерделейді.

Оқу-жаттығу ұшулары шеңбер бойынша конвейермен орындалады. Ұшулар Тараз-Шымкент, Тараз-Түркістан бағыттары бойынша да орындалады. Сондай-ақ, әуеайлақ маңында ұшуды орындау үшін 4 пилотаждық аймақ бөлінген, онда курсанттар ұшу практикасын игеруді жалғастырады.  ILS жүйесі бойынша жаттығу үшін үнемі Diamond-42 ұшып келіп тұрады.

Басқа әуе кемелерін есептемегенде, диспетчермен бір мезгілде Piper-20 үлгісіндегі 4 борт байланыста болады. Конвейермен жұмыс істеген кезде ұшақтар сағатына 40-қа дейін кіруді орындай алады. Ұшу мен қонудың максималды саны күндізгі уақытта 70-ке дейін жетеді.  

Бұл ұшулар ӘҚҚ диспетчерлеріне түсетін жүктемені айтарлықтай күшейтті, сонымен бірге оларға қарқындылығы жоғары ұшақтардың қозғалысын басқару дағдыларын нығайтуға және практикада қолдануға мүмкіндік берді.

Студенттер мен нұсқаушыларға білім алуда табыс тілейміз!

 

2097