ruenkz

«Fly Arystan» Прага қаласына тұрақты рейсін іске қосады

Салынған уақыты 18.05.2022 09:48

Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына және әлемдегі карантиндік шектеулердің әлсіреуіне байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Халықаралық әуе тасымалдардың бағыттық желісін кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.
Осылайша, "Fly Arystan" әуекомпаниясы Ақтау – Прага – Ақтау бағыты бойынша тұрақты халықаралық жолаушылар рейсін іске қосады.
Тұрақты әуе қатынасы 2022 жылғы 12 маусымнан бастап аптасына 1 рейс (жексенбі) жиілігімен және 2022 жылғы 6 шілдеден бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (бейсенбі, жексенбі) орындалатын болады.
Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес A320 типті әуе кемесінде орындалатын болады.
Жаңа әуе бағыттың ашылуы елдер арасындағы байланысты жақсартуға, сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға және туристік ағынды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

332