ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалының аумағында сенбілік өтті

Салынған уақыты 16.05.2022 08:48

Көктемнің шуақты күнінде «Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалының басшылығының бастамасымен және Кәсіподақ комитетінің қолдауымен филиалдың аумағында сенбілік өтті. Филиалдың барлық қызметтерінің жұмыскерлері өз учаскелерін ретке келтіруге шықты.

Аумақты тазарту бойынша сенбілік өткізу үшін, алдынала жұмыскерлерге ескерту жасалып, хабарлама ілінді. Аумақты жалпы жинау іс-шараларының жоспары құрылып, әр топқа  тазалау учаскелері белгіленді.

Күннің өте ашық, тамаша болуы, адамдардың керемет көтеріңкі көңіл күйіне себеп болды. Қажетті құрал-жабдықтармен қаруланған филиал жұмыскерлері, соның ішінде директор, қызметтер мен бөлімдердің бастықтары аумақты қуана-қуана ретке келтірді. Барлығы белсене, көңілді жұмыс істеді,  ғимараттың  маңайындағы ағаштардың  түптерін, жиектастарды әктеп сылады, біреулер аумақты сыпырды, біреулер оны үйінділерге салды, біреулері қаптарға жинап, қоқысқа апарды. Кәсіподақ арқылы  көшектер, құнарлы топырақ  сатып алынды. Аулада  гүл көшектері отырғызылды.

Сенбілік өте қызу және белсенді өтті, Барлығы өздеріне және жасаған жұмысына риза болды. Жұмыстар аяқталған соң, Кәсіподақ жұмыскерлерге дастархан жайды. Ұжымның жігіттері кәуәп, қуырдақ дайындады. Барлығы дастархан басына жиналып сенбіліктің сәтті өткенін айтып, талқылады.

470