Өзбекстанмен рейстерді ұлғайту туралы ақпарат
Салынған уақыты 13.05.2022 16:05
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің көлік министрлерінің 9-шы кеңесі шеңберінде тараптар әуе қатынасын ұлғайту және өзара экономикалық, мәдени және туристік байланыстарды дамыту үшін екі ел арасында жаңа бағыттар ашу жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Бүгінгі таңда Өзбекстанмен әуе қатынасы рейстер саны бойынша да, шет мемлекеттер арасындағы бағыттар саны бойынша да ең қарқынды болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан арасында екі елдің әуекомпаниялары (Эйр Астана, SCAT, Fly Arystan, Uzbekistan Airways) Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Түркістан, Ақтөбе және Ташкент, Самарқанд, Наманган, Үргенч, Нүкіс қалалары арасында аптасына 40 рейс орындайды.
1988