ruenkz

Шілде айынан бастап Қазақстан мен Германия арасындағы әуе рейстері арта түседі

Салынған уақыты 12.05.2022 14:34

Шілде айынан бастап Қазақстан мен Германия арасында аптасына 15 рейс жүзеге асырылатын болады, оның ішінде Орал – Франкфурт бағыты бойынша да рейстер бар. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен карантиндік шектеулердің әлсіреуіне байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіру және әуе рейстерін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.
Осылайша, 2022 жылдың 15 мамырынан бастап "Эйр Астана" әуекомпаниясы А321LR үлгісіндегі әуе кемесінде Нұр-Сұлтан – Франкфурт бағыты бойынша әуе рейстерін аптасына 5-тен 6 рейске дейін, сондай-ақ 1 маусымнан бастап 6-дан 7 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, 2 маусымнан бастап "Lufthansa" авиакомпаниясы А330/А340 әуе кемесінде Франкфурт – Нұр-Сұлтан/Алматы бағыты бойынша тұрақты рейстер санын аптасына 4-тен 5 рейске дейін, 4 шілдеден аптасына 7 рейске дейін ұлғайту жоспарда бар.
Барлық рейс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады. Әуе рейстерінің ұлғаюы екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына, сондай-ақ туризмнің дамуына ықпал етеді деп күтілуде.

1851