ruenkz

Аэрофлот тобы Мәскеуден Қазақстанның алты қаласына ұшатын рейстерді іске қосты

Салынған уақыты 12.05.2022 10:51

Маршруттық желіні қалпына келтіру және кеңейту бағдарламасы аясында "Россия" авиакомпаниясы ("Аэрофлот" тобына кіреді) Мәскеуден (Шереметьево) Қазақстанның Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларына жеткізетін тұрақты рейстерді орындауға кірісті.

Бұған дейін, 7 сәуірде бұл рейстер (Қарағандыға ұшатыннан басқасы) сынақ режимінде Сочиден ашылған болатын. Мәскеуден трансферлік жолаушылардың көптігіне байланысты бағдарлама Ресей астанасынан орындалатын болды деп түсіндірді авиакомпания.

115