Донор болу – сауапты іс
Салынған уақыты 11.05.2022 10:50
2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарын орындау үшін Атырау филиалында қан берудің артықшылықтары мен зияндары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Статистика бойынша үнемі қан тапсырып отыратын донорлар жүрек-қан тамыр ауруларымен сирек ауырады екен және жүйелі түрде қан тапсырмайтындарға қарағанда орташа есеппен бес жылдай артық өмір сүретіні анықталған. Британдық Психикалық денсаулық қоры деректері бойынша донор болу стресс және негативті ойлармен тиімді күресуге және организмнің эмоциялық және жалпы жағдайын жақсартуға көмектеседі екен. Қан доноры болу – маңызды, әрі көптеген жан жасай алатын қайырымдылықтың бір түрі.
Атырау филиалы жүргізген донор қатарына тарту бойынша жұмысы көптеген қызметкерлерге кішкентай қайырымды іс жасау үшін үлкен жігер берді. Филиалымыздың бірнеше қызметкері организмдерінің жеке ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, жүйелі түрде қан тапсырып отыратын қызметкеріміз - РТЖБП қызметінің 1-санатты инженері Сәрсен Маңқашевпен бірге Атырау қаласындағы қан алу орталығына барып, қан тапсырды. Тексеру және қан тапсыру күндері филиалдың барлық донор-қызметкерлері ұсынған анықтамаларына сәйкес орташа еңбекақыларын сақтай отырып, жұмыстан босатылды.
1851