ruenkz

Әуе көлігінің тиімділігі мен қауіпсіздігі көп жағдайда аэронавигациялық жүйенің жұмыс істеу сапасымен айқындалады

Салынған уақыты 03.05.2022 15:11

Перспективалық бақылау жүйелерін енгізу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 539 бұйрығымен бекітілген «Қазаэронавигация» РМК Даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Қазаэронавигация» РМК Көкшетау филиалында S-диапазонды әуеайлақтық бір жақты шолу радиолокаторының, S режимімен және ADS-B жабдығымен жарақтандырылған моноимпульсті екі жақты радиолокатордың құрамында PSR Morava /10 MSSR M10S / ADS-B радиолокациялық кешенін пайдалануға беру жүзеге асырылды. Оның мақсаты:

* Көкшетау қаласының әуе трассаларында және әуеайлақ ауданында бір жақты радиолокатордың, моноимпульсті екі жақты радиолокатордың, ADS-B әрекет ету аймағында талап етілетін сенімділік пен дәлдік параметрлерін сақтай отырып, радиолокациялық өріспен қамту аймағын жақсарту бойынша ӘҚҚ бақылау жүйесін дамыту;

* ескірген және ресурсы аяқтлған ДРЛ-7см радиолокаторын ауыстыру қажеттілігі;

* ADS-B аймағын қамтуды дамыту.

1441