ruenkz

Қазақстандық делегацияның Еурокомиссиямен кездесуінде ұшу қауіпсіздігі мен EASA-мен техникалық ынтымақтастық талқыланды

Салынған уақыты 29.04.2022 17:24

Брюссель қаласында Қазақстанның авиациялық билік орындары мен Еурокомиссияның тұрақты ынтымақтастығы аясында Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі, «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Азат Бектұров, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Бас директоры Каталин Раду бастаған қазақстандық делегация Еуропалық Комиссияның Ұтқырлық және көлік  тобының авиация жөніндегі бас директоры Филип Корнелиспен кездесті.
Тараптар ұшу қауіпсіздігі мен Еуроодақтың санкциялық саясатын, EASA-мен техникалық ынтымақтастықты, Еуропалық Одақпен деңгейлес келісімді қамтитын кең ауқымды мәселелерді талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

4047